Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Қазақстанда республикалық референдумғадайындық аясында комиссия мүшелерін кәсіби оқытужұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бүгіндебұл үдеріске ел аумағындағы аумақтық жәнеучаскелік референдум комиссияларының 71 030 өкілітартылған деп хабарлады Қазақстан РеспубликасыОрталық референдум комиссиясының хатшысыШавхат Өтемісов.
Оның айтуынша, комиссиялардың жұмысынбіріздендіру үшін Орталық референдум комиссиясыарнайы оқу-әдістемелік материалдар әзірленген. Сондай-ақ, өңірлерге әдістемелік құралдар топтамасымен дауыс беру күніне арналған рәсімдердітүсіндіретін бейнекурс жолданған. Онда дауыс берудіұйымдастыру тәртібі, комиссиялардың негізгіміндеттері мен іс-қимыл алгоритмдері кеңіненқамтылған.
«Дайындық каскадтық модель негізіндежүргізілуде. Барлық деңгейде комиссия мүшелеріалдымен «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» және «Қазақстан Республикасындағыреспубликалық референдум туралы» Конституциялықзаңдардың негізгі нормалары бойынша кіріспе тест тапсырады. Бұл тәсіл олардың білім деңгейін нақтыбағалап, оқыту жұмысын мақсатты түрдеұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деді Ш.Өтемісов.
Оқытудың алғашқы кезеңінде Орталықреферендум комиссиясы аумақтық комиссиялардыңтұрақты мүшелеріне арналған республикалық онлайн-семинар өткізді. Оған 821 адам қатысты. Семинар барысында құқықтық рәсімдер, комиссия жұмысынұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу жәнереферендумды қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріқаралды.
ОРК хатшысының сөзінше, өңірлік кезеңдеаумақтық комиссиялардың босатылған мүшелері 908 аумақтық комиссия мүшесін, сондай-ақ учаскеліккомиссиялардың төрағалары, төраға орынбасарларымен хатшыларын оқытқан.
«Бағдарлама аясында тәжірибелік сабақтарға да ерекше мән берілді. Олар учаскені дайындау, референдумға қатысушылар тізімімен жұмыс істеу, дауыс беру учаскесін ашу, дауыс беруді өткізу жәнеқорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдердіқамтыды. Практикалық тапсырмалар нақтыжағдайларды үлгілеу арқылы жүргізіліп, түрлі әрекетнұсқалары мен құқықтық шешімдер пысықталды. Осы кезеңде 31 233 учаскелік комиссия басшылығының өкілі оқудан өтті», – деді ол.
Қазір оқытудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Аумақтық комиссиялардың қолдауымен учаскеліккомиссиялар қалған 38 068 мүшені даярлауда. Бұлкезеңді 13 наурызға дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, референдумның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатындаҚазақстан Республикасы Президенті жанындағыМемлекеттік басқару академиясының Электоралдықоқыту орталығында арнайы онлайн-семинар ұйымдастырылды. Оған аккредиттелген қоғамдықбірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардыңжәне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріқатысты. Семинарға 500-ден астам адам қатысқан.
Осылайша, Қазақстанда референдумға дайындықаясындағы оқыту жұмыстары кең ауқымда, кезең-кезеңімен және тәжірибеге негізделген форматтажүзеге асырылуда.



