Рейтингтер үндескенде: инвесторлар Қазақстанға неге сенеді

Қазақстан Орталық Азиядағы ірі тікелей шетелдік инвестиция тартушы ел мәртебесін сақтап отыр. Өңірдегі тікелей шетелдік инвестицияның басым бөлігі бізге тиесілі.
Тәуелсіз халықаралық рейтингтер инвесторлар үшін басты бағдардың бірі саналады. Бұлар елдің экономикалық тұрақтылығын бағамдап, тәуекел деңгейі мен ұзақ мерзімді инвестиция шартын пысықтауға көмектеседі.
Міне, үш бірдей жетекші жаһандық рейтинг агенттіктері Қазақстанның инвестициялық мәртебесін нақтылады.
Fitch Ratings – BBB, тұрақты болжам.
S&P Global Ratings – BBB, оң болжам.
Moody’s – Baa1, оң болжам.
Мақала авторларының пайымынша, ірі агенттіктер ұқсас баға берсе, ел экономикасы мен мемлекеттік қаржының тұрақты көрсеткішін айғақтайды.
Басқа да халықаралық зерттеулер оң динамиканы көрсетіп отыр.
IMD World Competitiveness Ranking рейтингісінде Қазақстан былтырғы көрсеткішін 2023 жылғы 37 орыннан 34 орынға дейін жақсартты. Global Peace Index 2025 бойынша еліміз 61-нші орыннан 56 орынға көтерілді. Бұл халықаралық бизнес үшін ұзақ мерзімді тәуекелдердің азайғанын аңғартады.
Sustainable Development Report бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде 67 орынға көтерілді. Бұл индекс экономикалық даму, білім, денсаулық сақтау, экология, мемлекеттік институттар сапасы және халықтың әл-ауқаты сияқты 123 көрсеткішті қамтиды. Ол бойынша Қазақстан Түркия, Үндістан, Индонезия, Мексика, Сауд Аравиясы және Оңтүстік Африка сияқты ірі дамушы экономиканы озып отыр.
Авторлар бұл рейтингтердің өз алдына мақсат еместігін алға тартты. Олар елге тәуелсіз баға беруге көмектеседі, инвесторлар үшін тәуекелдерді азайтады, капитал тарту құнын төмендетіп, халықаралық компаниялардың елде жаңа жобаларды іске қосуға қызығушылығын арттырады.
Заманауи әлемдік экономикада сенім де жеке ресурсқа айналып жатыр. Ол капиталдың қайта кетіп жатқанына және экономиканың қалай қарқынды дамып жатқанына ықпал етеді дейді Investing.com авторлары.




