«Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

— Мәдениет пен өнер — ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, — деп хабарлады ол.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға берілетіні хабарланды.

Айта кетейік, жақында елімізде «Құрметті донор» марапаты тағайындалды.

https://kaz.inform.kz/news/shamsh-kaldayakov-medal-tagayindaladi-4da199d6