Спорттық білім беруді жаңғыртудың бесжылдық кезеңі жаңа белеске көтерілді: Қазақ ұлттық спорт университетісалтанатты түрде ашылды

Астанада Орталық Азиядағы спорт ғылымымен жоғары білікті мамандар даярлаубағытындағы ең ірі білім беру жобаларының бірі– Қазақ ұлттық спорт университетінің ресмиашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шара New Era of Sport: KNUS 2026 халықаралық форумы аясындаұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардыңөкілдері, халықаралық спорт федерацияларыныңбасшылары, олимпиадалық қозғалыс мүшелеріжәне академиялық қауымдастық өкілдеріқатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризмжәне спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович, Халықаралықкиберспорт федерациясының (IESF) президентіВлад Маринеску, Дүниежүзілік допингке қарсыагенттіктің (WADA) өкілі Piechota Rafal Lesze, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Университетті соңғы бес жыл бойы жүйелітүрде жаңғырту жұмыстарының алғашқыкезеңінің аяқталғанын білдіретін маңызды оқиға– жаңа кампустың ашылуы болды. Осы уақытішінде оқу орны халықаралық әріптестігінкеңейтіп, ғылыми әлеуетін нығайтып, жоғарыжетістіктер спорты, бұқаралық спорт және спортиндустриясы үшін мамандар даярлайтынзаманауи білім беру экожүйесін қалыптастырды.
Қазақ ұлттық спорт университетініңқұрылтайшысы Нұрасыл Медеу жаңа кампустыңашылуы Қазақстанда спорт саласына арналғанзаманауи білім беру және ғылыми платформанықалыптастыру жолындағы бес жылдық жүйеліжұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Оныңайтуынша, университет уақыт талабына жауапберетін білім ордасы ретінде құрылып, бүгіндехалықаралық деңгейде ел намысын қорғайалатын жаттықтырушыларды, ғалымдарды, спортдәрігерлерін, педагогтер мен спортменеджерлерін даярлайтын маңызды орталыққаайналып келеді.
«Бес жылдың ішінде университет білімгеұмтылыс, талант пен еңбек тоғысқан үлкенорталыққа айналды. Бүгін біз берік іргетасқалағанымызды мақтанышпен айта аламыз.Алдымызда бұдан да ауқымды жетістіктер, халықаралық мойындалу, ғылым мен спорттағыжаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Қазақ ұлттық спорт университеті озық біліммен инновацияның, болашақ чемпиондар мен елкөшбасшыларын тәрбиелейтін маңыздыорталыққа айналады», – деді университеттіңқұрылтайшысы Нұрасыл Медеу.
Шара барысында Біріккен күрес әлеміұйымының (UWW) президенті Ненад ЛаловичҚазақстанның әлемдік күрес спортының дамуынақосып отырған үлесін жоғары бағалап, халықаралық талаптарға сай спортшыларды, жаттықтырушыларды және спорт менеджерлеріндаярлайтын заманауи білім беру базасыныңмаңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде Халықаралық киберспортфедерациясының (IESF) президенті ВладМаринеску ұлттық спорт университетініңашылуы дәстүрлі спорттың, цифрлықтехнологиялардың және инновациялық білімберудің тоғысуына негізделген жаһандық үрдістіңайқын көрінісі екенін айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда киберспорттың дамуы мықтығылыми және академиялық негізсіз мүмкін емес, ал Қазақ ұлттық спорт университетіменәріптестік болашақ мамандарды даярлауда жаңамүмкіндіктерге жол ашады.
Салтанатты рәсім аясында Біріккен күресәлемі ұйымының (UWW) президенті НенадЛаловичке және Халықаралық киберспортфедерациясының (IESF) президенті ВладМаринескуға «Қазақ ұлттық спортуниверситетінің Құрметті профессоры» атағытабысталды. Сонымен қатар студенттердіңакадемиялық адалдықты, әділ бәсекелестікті, өзара құрмет пен спорттық этиканы ұстануғадеген ұмтылысын білдіретін Студенттерхартиясына қол қою рәсімі өтті.
Форум қонақтарына университеттіңинновациялық ғылыми зертханалары, ғылыми-зерттеу орталықтары мен білім беру хабтарытаныстырылды. Делегациялар цифрлықинфрақұрылыммен, заманауи спортнысандарымен, ғылыми жабдықтармен жәнеспортшыларды даярлауға, ғылыми зерттеулержүргізуге әрі халықаралық білім берубағдарламаларын жүзеге асыруға арналғанкеңістіктермен танысты.
Бүгінде Қазақ ұлттық спорт университеті текбілім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатаржаңа буын мамандарын даярлайтын, спортғылымын дамытатын, инновацияларды енгізетінжәне әлемнің жетекші спорт ұйымдарыменхалықаралық ынтымақтастықты нығайтатынхалықаралық орталық ретінде қалыптасып келеді. Бұл бағыт Қазақстанның жаһандық спорткеңістігіндегі беделін арттырып, халықаралықүздік тәжірибелерге негізделген заманауиспорттық білім беру жүйесін дамытуға мүмкіндікбереді.




