Таза Қазақстан: Экологиялық мәдениет және жауапкершілік

Бурабай қаласында өткен Ұлтттық құрылтайда, Президенттің «Таза Қазақстан» акциясы туралы айтқан сөздері өте орынды әрі маңызы зор. Былтырдан бері басталған бұл акция еліміздің әрбір азаматының белсене қатысуымен жалпыұлттық деңгейге көтерілді.
Қазіргі уақытта, күн жылынып, жұрттың сенбілікке шығып, айналасын тазалауға деген ынтасы артқан кезде, бұл бастаманың маңызы одан әрі арта түседі. «Таза Қазақстан» – біздің еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізі. Әрбір азаматтың өз ауласын, көшесін, қаласын таза ұстауы, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда үлкен мәнге ие.
Президенттің айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы тек науқандық шара емес, әрбір адамның өз айналасына деген жауапкершілігін сезінетін тұрақты мәдениетке айналуы тиіс.
Бұл бастама экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеудің, қоршаған ортаға деген қамқорлықтың символына айналып, Қазақстанның таза әрі көгалдандырылған болашағына үлес қосады.
Қ. Шамуратов
Аудандық мәслихат депутаты