Техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігі: азаматтар мүддесіне бағытталған тиімді шешім

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтардытехникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етужүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді. Осы жұмыстың маңызды бағыттарының бірітехникалық оңалту құралдарын қайтару тетігін енгізу және дамыту. Бұл тетік әлеуметтік қолдаудың атаулылығын, тұрақтылығын және тиімділігін арттыруға мүмкіндікбереді.

Техникалық оңалту құралдарыжай ғанабұйымдар емес. Олар азаматтардың қозғалуына, өзбетінше өмір сүруіне және лайықты өмір сапасынқамтамасыз етуге бағытталған нақты құралдар. Арбалар, балдақтар, жүріп-тұруға арналған құралдар, есту аппараттары және т.б. түрлері адамдарға қоғамөміріне белсенді қатысуға, білім алуға, еңбек етугемүмкіндік береді.

Сонымен қатар тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақыт өте келе берілген құралдардың бір бөлігіпайдаланылмай қалады. Бұған денсаулық жағдайыныңөзгеруі, жаңа әрі заманауи құралмен ауыстырылуынемесе өзге де өмірлік жағдайлар себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайларда құралдарды қайтару тетігі іскеқосылады.

Тетіктің мәні қарапайым әрі түсінікті: егертехникалық құрал пайдаланылмаса, ол мемлекеткеқайтарылады. Одан кейін оның техникалық жағдайыбағаланып, қажет болған жағдайда санитарлық өңдеумен жөндеу жүргізіледі де, басқа мұқтаж азаматқаберіледі.

Бұл тәсіл бірнеше маңызды міндетті шешеді.

Біріншіден, бұлтехникалық оңалту құралдарынамұқтаж азаматтарды күту мерзімі қысқарады. Қайтарылған құралдар арқылы көмек көрсетужеделдейді.

Екіншіден, бюджет қаражатын тиімді пайдалану. Қайта пайдалануға жарамды құралдарды айналымғаенгізу мемлекеттік шығындарды оңтайландыруғамүмкіндік береді.

Үшіншіден, мемлекеттік ресурстарғажауапкершілікпен қарау мәдениеті қалыптасады. Құралдарды қайтарубасқа азаматтарға қолдаукөрсетуге қосылған үлес.

Қазіргі кезеңде қайтару тетігі пилоттық режимдеенгізілуде. Пилоттық өңірлер ретінде Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы және Павлодар облысыайқындалды. Аталған өңірлерде тетікті сынақтан өткізуұйымдастырушылық процестерді пысықтауға, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және болашақтаоны бүкіл ел бойынша кеңінен енгізуге мүмкіндікбереді.

Сонымен бірге барлық техникалық оңалту құралдарының түрлері қайтаруға жатпайтынын атапөткен жөн. Жеке дайындалатын бұйымдар, мысалыпротездер, пайдаланушының өзінде қалады.

Маңызды жаңалықтардың бірі — Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы филиалдарының базасында әлеуметтік-техникалық сараптама қызметінің құрылуы. Мамандар техникалық құралдардың жай-күйін бағалап, оларды пайдалану кезеңінде алушыларға жан-жақты сүйемелдеу көрсетеді.

Сонымен қатар техникалық оңалту құралдарының жалға беру қоры қалыптастырылады. Бұл азаматтарды жөндеу кезеңінде немесе жаңа құрал жеткізілгенге дейін қажетті құралдармен уақытша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, адам қажетті көмексіз қалмайды.

Бұл механизмды енгізу техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін неғұрлым икемді, ашық әрі адамдардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған жүйеге айналдырады деп күтілуде.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарының  қайтарымды моделі бойынша пилоттық жоба ресми түрде іске қосылды.

Пилоттық жобаның негізгі жаңалықтары:

* Техникалық оңалту құралдары азаматтарға қайтарымды негізде беріледі.

* Құрал істен шыққан жағдайда, жөндеу кезеңіне уақытша пайдалануға дәл сондай техникалық құрал тегін ұсынылады.

* Балаларға арналған техникалық оңалту құралдары олардың бойы мен дене ерекшеліктеріне сәйкес келмеген жағдайда мерзімінен бұрын ауыстырылады

* Құралдарды беру, пайдалану, жөндеу, қайтару және санитарлық өңдеу процестері толықтай цифрлық форматта жүргізіліп, пайдаланушыларғаұсыну.

Пилоттық жоба шеңберінде мүгедектігі бар адамның жеке деректерін өлшеу және тіркеу әлеуметтік-техникалық сараптама (СТЭ) жүргізу кезінде оңалту дәрігерінің оңалтудың техникалық құралдарын жалға беру пунктінде тікелей жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әр жағдайда қосымша процедуралардан өтпестен техникалық құралдың адамның ағымдағы параметрлері мен қажеттіліктеріне сәйкестігін жедел бағалауға мүмкіндік береді.

Осы жобаны іске асыру шеңберінде:

* Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға арналған 3 консультация;

* 2 маман-техникалық сараптама, оның нәтижелері бойынша оңалтудың 2 техникалық құралы іріктеліп, берілді.

* жобаны әлеуметтік желілерде және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етілді.

Пилоттық жоба бойынша қосымша  ақпаратты Ақтөбе қаласы, Бокенбай батыр көшесі, 133/1 («Индустрия инклюзивных услуг «INVAPARK» ҚБ ғимаратында) немесе: +7 (707) 992-94-75 (Айжан Тулюгеновна) телефон байланыс арқылы алуға болады.