Тікелей сайлау жүйесі: аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін де халық сайлайды

 

Ақтөбе облысы бойынша бүгінгі күні 142 әкімшілік аумақтық бірлік бар болса, соның ішінде 139-ында(97,9%) тікелей әкім сайлауы өткізілді. Қалған 3 елді мекенде (Алға ауданының Алға қаласы және Бесқоспа ауылдық округі, Ырғыз ауданының Ырғыз ауылдық округі) ауыл әкімдерін тікелей сайлау биыл 18 мамырда өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше сайлау үдерістерін өткізу мен ұйымдастыру барысында сайлау комиссиялары қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірізді нақты жұмыс жасауда. Қазіргі күні 14 аумақтық, 187 округтік және 530 учаскелік сайлау комиссиялары болса, олардың құрамында 4467 комиссия мүшесі бар.

Атап өтейік енді облыста аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін де халық сайлайды. Бұған дейін пилоттық тәртіппен енгізілген шара заң бойынша биыл күшіне енді. Өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына қарай облыстық маңызы бар қала және аудан әкімдері де тікелей сайлау өткізумен ғана сайланатын болады.