«Цифрландыру: Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және қоғамды дамыту»

Цифрландыру еліміздегі көптеген салаларды жаңғыртуға, әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау, және кәсіпкерлік салаларында үлкен өзгерістер жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің барлығы бір-бірімен интеграцияланып, азаматтар мен бизнес үшін оңтайлы шешімдер ұсынады.

Е-гов жүйесі – цифрландырудың ең маңызды нәтижелерінің бірі болып табылады, себебі ол кез келген жерде және кез келген уақытта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін тудырады. Цифрландырудың арқасында Қазақстан азаматтары үкіметпен байланысу әдісін өзгертіп, оған жеңіл әрі тез қол жеткізу жолдарын тапты. Сонымен қатар, бұл жүйе мемлекеттің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге де ықпал етуде.

Осылайша, цифрландыру мемлекеттік қызметтерді жақсартып қана қоймай, еліміздегі экономика мен қоғамның дамуына да оң әсер етеді.

Р. Копжан