Цифрлық реформалардың әсері

Цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдердің енгізілуі қазіргі қоғамның құқықтық саласында да үлкен өзгерістер әкелді. Әсіресе «E-ZanKomegi», «Zan Komegi» және «Е-нотариат» сияқты жүйелер азаматтарға құқықтық көмек көрсету процесін айтарлықтай жеңілдетті. Бұл қызметтер құқықтық кеңестер алу мен заң көмегіне қолжетімділікті арттырды. Бұрынғыдай заңгерлерге жеке барып кеңес алу қажеттілігі жоқ, енді кез келген адам өз сұрақтарын онлайн түрде қойып, бейнемазмұн немесе мәтін арқылы жауап ала алады. Бұл шешімдер шалғай аймақтардағы тұрғындарға, әсіресе қаладан алыс жерлерде тұратын адамдарға өте маңызды, себебі олар үшін заңгерлік кеңес алу әрдайым қиын болатын. Осы реформалар аясында азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері артты, әрі қолжетімді сот төрелігіне қол жеткізу жеңілдеді. Сонымен қатар, «Сот орындаушысы роботын» енгізу құқықтық процесстерді автоматтандырып, халыққа айтарлықтай жеңілдіктер әкелді. Онлайн режимде атқарушылық іс жүргізу мүмкіндігі азаматтардың уақытын үнемдеуге және процестің ашық әрі тиімді болуына ықпал етуде.
Гульмира Темирбаевна Мусина
Кәсіби емес медиатор