Ұрпақ қамы – ұлт мұраты

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Жарияланып отырған жаңа Конституция жобасы – сол бесігімізді түзеп, мемлекеттігіміздің іргетасын бекіте түсетін тарихи құжат.
Ата Заңдағы адами капиталға, білім мен ғылымға жасалған басымдық қатты қуантты. Өйткені, білімді ұрпақ – елдің ертеңі. Жаңа реформада «Адал азамат» ұғымының негізге алынуы жастарды отаншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеуде таптырмас құрал болмақ.
Елімізде болып жатқан конституциялық реформалар – уақыт талабынан туындаған қажеттілік.
Конституциялық реформа – сол бірлігімізді бекемдеп, әділетті қоғам орнатуға бағытталған даңғыл жол. Ендеше, ел тағдыры шешілер сәтте бейжай қалмай, бірлігімізді танытайық!
Қымбат Шоқайқызы
ардагер ұстаз




