Ұстаздар арасындағы тартысты сайыс

Саржансай жалпы орта білім беретін мектебінің 50 жылдық мерейтойына орай аудан мектептерінің ұстаздары арасында эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа барлығы 7 команда қатысты. Олар: Саржансай ЖОББМ «Алаш» командасы; Кеңсахара ЖОББМ «Бірлік» командасы; Жайсаң ЖОББМ «Альянс» командасы; Хлебодар ЖОББМ «Болашақ» командасы; Родниковка ЖОББМ «Бұлақты» командасы; Сарыжар ЖОББМ «Сарыжар» командасы; №3 Мәртөк ЖОББМ «DOSbolaik» командасы;
Сайысқа Мәртөк ССК әдіскері Кужеков Б.М., аудандық білім бөлімінің әдіскері Кузембаев Б.А., Мәртөк БЖСМ спорт нұсқаушылары Генжебаев Б.К., Ускинов Н.А. төрешілік етті.
Өте тартысты, әрі көңілді өткен сайыс қорытындысы бойынша: 1-ші орынды Хлебодар ЖОББМ «Болашақ» командасы, 2-ші орынды Родниковка ЖОББМ «Бұлақты» командасы алса, жүлделі ІІІ-ші орын Кеңсахара ЖОББМ «Бірлік» командасына бұйырды.
Жеңімпаз бен жүлдегер командаларға аудандық кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай жүлде табысталды.