Заң мен тәртіп
ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде 2024 жылдың 20 қараша күні Аудандық МҮ-де «Закладка» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
♻️«Закладка» деректі фильмі қоғамда кеңінен таралған нашақорлыққа қатысты қауіпті құбылыстарды ашып көрсетуге бағытталған. Фильмде есірткі саудасының интернет арқылы жасырын жолмен таралуы, оның жастар арасында қалай кеңінен орын алып жатқаны, сондай-ақ, бұл күрделі мәселенің салдары көрсетілген.
Көрсетілімге 300- ден аса оқушы- студенттер сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Фильм соңында көрермендермен сұхбат жүргізіліп, нашақорлықпен күрес, алдын алу шаралары жөнінде талқылаулар болды.