Жаңа Ата Заңымыз – мемлекетіміздің болашақ дамуына бағытталған өте маңызды қадам

Жаңа Ата Заңымыз – мемлекетіміздің болашақ дамуына, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға және заң үстемдігі мен ел тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған өте маңызды қадам. Конституциялық реформалар билік тармақтарының тепе-теңдігін арттыруға, Парламенттің рөлін күшейтуге және мемлекетті басқарудағы жүйелілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл реформалар демократиялық талаптарға сәйкес Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға үлкен септігін тигізеді, сондықтан ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азаматты 15 наурызда өтетін референдумға келіп, өз таңдауын жасауға шақырамын!

 

Ерманова Жанар

Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің директоры