Жаңа Конституция – азамат құқықтарын қорғаудың жаңа деңгейі

Конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғауды жаңа сапалық деңгейге көтереді. Ата заңда адамның қадір-қасиеті басты орынға қойылды. Бұл – құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі. Жаңа нормалар азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын кеңейтеді. Мемлекет халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Әсіресе, әлеуметтік әлсіз топтарды қорғау тетіктері нақтыланған. Конституцияда әділ сотқа қол жеткізу қағидаты күшейтілді. Бұл азаматтардың құқықтық сенімін арттырады. Қоғамда әділеттілікке деген сұраныс жоғары. Реформа осы сұранысқа нақты жауап береді.
Мемлекеттік басқару ашық әрі есеп беретін жүйеге айналады. Азаматтық қоғам институттарының ықпалы артады. Қоғамдық бақылау механизмдері кеңейеді. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Ата заңдағы өзгерістер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады. Нәтижесінде, құқыққа негізделген әділетті қоғам құрылады.
Т.Көлкебаев
Мәртөк аудандық мәслихат төрағасы




