Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті айқындай түседі

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті айқындай түседі. Бұл – мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдағы сенімді арттыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық, әділдік және есептілік қағидаттарының басымдыққа ие болуы – заң үстемдігін қамтамасыз етудің басты шарты.
Сонымен қатар, жаңа конституциялық нормалар әрбір азаматтың ел дамуына белсенді араласуына құқықтық негіз қалайды. Қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру, азаматтардың пікірін ескеру мәдениетін қалыптастыру – демократиялық дамудың нақты көрінісі. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекет ісіне деген сенімін арттырып, ортақ жауапкершілік сезімін күшейтеді.
Білім беру саласына қатысты ережелердің айқындалуы – ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар шешім. Білім арқылы саналы, бәсекеге қабілетті, жауапкершілігі жоғары, отансүйгіш ұрпақ қалыптастыру – елдің тұрақты дамуының негізі. Сапалы білім мен тәрбиенің қолжетімді болуы адами капиталды арттырып, инновациялық экономиканың дамуына серпін береді.
Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, ол елдің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық бағдар. Конституцияда бекітілген қағидаттар әділетті қоғам құруға, тең мүмкіндіктер қалыптастыруға және әр азаматтың әлеуетін толық іске асыруына жол ашады.
Алмас Алмат Бекболатұлы
Тәңірберген ауылдық округінің ветеринар меңгерушісі



