Жаңа Конституция – билік пен қоғам арасындағы жауапкершілікті нақтылайды

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, билік пен қоғам арасындағы жауапкершілікті нақтылайды. Бұл – мемлекет тұрақтылығын нығайтып, халықтың сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ашықтық, әділдік және есептілік қағидаттарының басым болуы заң үстемдігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жаңа нормалар азаматтардың ел дамуына белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Қоғамдық бақылауды күшейту мен халық пікірін ескеру – демократиялық дамудың көрінісі.
Білім беру саласына ерекше мән берілуі – болашақ үшін маңызды шешім. Сапалы білім арқылы бәсекеге қабілетті, жауапты, отансүйгіш ұрпақ қалыптасады. Сондықтан жаңа Конституция – елдің әділетті, тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық құжат.

 

Әлім Оразбек