Жаңа Конституция – бұл тек саяси жаңару ғана емес, ең алдымен, ұлтымыздың рухани жаңғыруы мен мәдениетіміздің дамуына жол ашатын мызғымас тірек

Жаңа Конституция – бұл тек саяси жаңару ғана емес, ең алдымен, ұлтымыздың рухани жаңғыруы мен мәдениетіміздің дамуына жол ашатын мызғымас тірек. Мен Жаңа Конституцияны шығармашылық еркіндікті қамтамасыз етіп, ұлттық болмысымызды сақтайтын маңызды құқықтық қалқан деп білемін. Ондағы адам құқықтарының қорғалуы мен билік тармақтарындағы теңгерім зиялы қауымның үнін мемлекетке тікелей жеткізуге және тарихи мұрамызды қорғауға кең мүмкіндік береді. Ендігі біздің ортақ міндетіміз – осы жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, рухани бай, мәдениеті озық Әділетті Қазақстанды бірлесе құру. Еліміздің Ата заңы ұлт жанының қорғаны болып, руханиятымыздың мәртебесі әрдайым биіктей берсін!
Туретаев Ақылбек
Аудандық мәдениет үйі басшысының орынбасары



