Жаңа Конституция – бұл жай ғана құқықтық құжат емес, бұл Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадам

Жаңа Конституция – бұл жай ғана құқықтық құжат емес, бұл Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадам. Жаңарған Ата Заңда адам құқықтарын қорғауға, қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және әрбір азаматтың қауіпсіздігіне баса назар аударылып отырғаны мені, медицина қызметкері ретінде, қатты қуантады. Себебі халықтың дені сау болуы үшін елімізде заң үстемдігі мен әлеуметтік әділдік орнауы шарт.
Біздің басты мақсатымыз – ұлтымыздың саулығы мен ұрпағымыздың жарқын болашағы. Жаңа Ата Заң осы мақсаттарға жетуге, медицина, білім, әлеуметтік салалардың одан әрі дамуына кең жол ашатынына сенімдімін.
Мемлекетіміздің іргесі берік, халқымыздың дені сау болуы үшін жауапкершілікпен таңдау жасау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Мен еліміздің ертеңі, бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін жаңа Конституцияны толықтай қолдаймын!
Шамуратов Қайрат Маханбетұлы,
Мәртөк аудандық ауруханасы, хирургия бөлімінің меңгерушісі.



