Жаңа Конституция жасампаздық пен жаңашылдықты қолдайды

Студенттер сарайында «Жаңа Ата Заң жәнежалпыұлттық құндылықтар» тақырыбындаоблыс жастарының қатысуымен TEDxформатында ашық форум өтті. Форумға түрлісалада табысқа жетіп, қоғам өміріне белсендіараласып жүрген спикерлер қатысты.
Олардың қатарында облыс әкімініңорынбасары Жолдас Батырхан, Қ. Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік университетініңректоры Лаура Қарабасова, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастарқанатының төрағасы Ақерке Искандерова, сондай-ақ халық қалаулылары мен студент жастар болды.
Шараның басты мақсаты – конституциялықреформаның мазмұнын жан-жақты түсіндіру, оның ел дамуына ықпалын көрсету, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталғанөзгерістерді кеңінен талқылау және жастардыңазаматтық белсенділігін арттыру.
Жолдас Батырхан өз сөзінде конституциялықреформаның негізгі бағыттарына тоқталып, ел алдында тұрған тарихи шешімнің маңызынатап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жалпыхалықтықреферендумның мәніне тоқталып, жаңаКонституция қабылдау уақыт сұранысынантуындаған қажеттілік екенін жеткізді.
«Әр мемлекеттің өз бағыты мен бағдары, АтаЗаңы болады. Ол бізде де бар. Алайда заманағымына сай заң да жаңарып отыруға тиіс. 1995 жылы қабылданған Конституциядацифрлық дәуірдің шындығы, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желілердің ықпалы туралыұғымдардың болуы мүмкін емес еді. Ал бүгіндеәрқайсысымыздың қалтамызда шағынкомпьютер — смартфон жүр. Цифрлықкеңістікте пайда да, қауіп те бар. Кибербуллингсияқты жаңа ұғымдар пайда болды. Сондықтанжаңа Конституция жобасында цифрлыққауіпсіздік, неке мен отбасы, азаматтықжауапкершілік секілді маңызды бағыттарқамтылған», — деді Жолдас Батырхан.
Былтырғы жылдың 5 қарашасында бекітілгенішкі саясат қағидаттары мен жалпыұлттыққұндылықтарға тоқталған спикер үш негізгіұстанымды айқындап берді.
«Біріншісі — Тәуелсіздік пен отаншылдық. Бұл— баршаға ортақ құндылық. ЖаңаКонституцияда «Тәуелсіздік», «Егемендік»ұғымдарының айрықша мәнмен жазылуы да соның дәлелі.
Екіншісі — бірлік пен ынтымақ. Қазақ «бір күнұрыстың қырық күн кесірі бар» дейді. Ынтымақбар жерде береке бар. Жаңа Конституция татулық пен тұтастықты басты тірек ретіндеайқындайды.
Үшіншісі — Заң мен тәртіп. Заңға бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтыңбұлжымас қағидасына айналуға тиіс», — дегенЖолдас Батырхан еңбекқорлық пен кәсібилік, жасампаздық пен жаңашылдық мәселесіне де кеңінен тоқталды.
Бүгінде Қазақстан цифрлық даму көрсеткіштерібойынша әлемдегі озық елдердің қатарындаекенін атап өтіп, жастардың инновациялықжетістіктерін мысалға келтірді.
Форумда сөз алған Лаура Қарабасоваконституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі ретінде Ата Заң жобасының ашық әрікеңінен талқыланғанын, білім мен ғылымныңенді жай ғана сала емес, стратегиялықбасымдыққа айналатынын ерекше атап өтті.
«Еліміз бойынша 23 мың ғылыми қызметкер, 47 мың профессор-оқытушы, 9 мыңнан астамдокторант және 700 мыңға жуық студент бар. Бұл — білімді жоғары бағалайтын елдің зорәлеуеті. Ата Заңдағы білім мен ғылымныңқұндылығы тек осы қауымдастық үшін емес, бүкіл халық үшін маңызды. Бұл, шын мәнінде, халықтық өзгерістер», — деген Лаура Қарабасова жастарды алдағы референдумғабелсенді қатысып, реформаның мәнінайналасына дұрыс түсіндіруге шақырды.
Сондай-ақ форум барысында облыспрокурорының бірінші орынбасары ТалғатӘлібаев, облыстық полиция департаментібастығының орынбасары АрданаСаймағанбетов, журналист Әлия Әшім, «OrdaFM» радиосының директоры ӘйкерімЕсенәлілер сөз алып, конституциялықреформаның құқықтық және қоғамдыққырларына тоқталды.




