Жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған маңызды әрі жан-жақты сараланған құжат ретінде бағалануда

Жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған маңызды әрі жан-жақты сараланған құжат ретінде бағалануда. Бұл құжат елдің болашағын айқындайтын негізгі құқықтық негіз болып табылады. Халықтық талқылау арқылы пысықталып, референдум арқылы қабылдануы – оның халықтың пікірін ескере отырып қабылданып жатқанын көрсетеді. Мұның өзі демократиялық қағидаттардың нығая түсуіне және қоғамның мемлекет басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, билік пен қоғам арасындағы жауапкершілікті айқындап, мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен әділдікті арттыруға жол ашады. Бұл өзгерістер елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Конституцияны жаңарту – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам. Өйткені қоғам дамыған сайын саяси, әлеуметтік және экономикалық қатынастар да өзгеріп отырады. Осы өзгерістерді заң жүзінде реттеп, әділ әрі тиімді жүйе қалыптастыру үшін Ата Заңды жетілдіру қажет.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция қоғамның жаңаруына, демократиялық реформалардың жүзеге асуына және әділетті қоғам құруға берік құқықтық негіз болады деп есептеймін. Ол еліміздің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюіне оң әсерін тигізеді.

 

Алдангоров Нұржан