Жаңа Конституция жобасы – қоғамның сұранысы мен уақыт талабына жауап беруге бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын

Жаңа Конституция жобасы – қоғамның сұранысы мен уақыт талабына жауап беруге бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын. Құжатта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нақтылау секілді ұстанымдар көрініс табады. Бұл өзгерістер елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, институционалдық тұрақтылықты күшейтуге ықпал етуі мүмкін.
Қолдау білдіру – ең алдымен жауапкершілік. Әр бапқа байыппен қарап, оның ұзақ мерзімді әсерін бағалау қажет. Егер ұсынылған түзетулер әділдік, ашықтық және қоғамдық келісім қағидаттарын тереңдете түссе, онда мұндай қадамды қолдау – саналы азаматтық позицияның белгісі деп санаймын.
Узакбаева Жания




