Жаңа өзгерістер енгізілген Конституция – елдің дамуына бейімделген заманауи құжат

Жаңа өзгерістер енгізілген Конституция – елдің дамуына бейімделген заманауи құжат. Соңғы түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға және әділ қоғам құруға бағытталды.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде айқындалған. Бұл – демократиялық мемлекет құрудың негізгі шарты. Сонымен қатар, саяси реформалар арқылы Парламенттің ықпалы артып, халықтың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігі кеңейді.
Жаңа Конституцияның маңызы – елдегі тұрақтылықты сақтай отырып, жаңару мен әділеттілікті қамтамасыз етуінде. Ол Қазақстанның болашағына сеніммен қадам басуына құқықтық негіз қалайды.
Қорытындылай келе, жаңартылған Конституция – қоғам сұранысына жауап беретін, ел дамуына серпін беретін маңызды құжат.

 

Казтуганова Гульжанар Коблановна