Жаңартылған Конституция – заман талабына сай жетілдірілген, ел дамуының жаңа кезеңіне бағыт-бағдар беретін маңызды құқықтық құжат.

Қабылданған өзгерістер мемлекет басқару жүйесін жаңғыртуға, халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға және әділет қағидаттарын орнықтыруға бағытталды.
Конституцияда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Бұл қағида әрбір азаматтың заң алдында теңдігін қамтамасыз етіп, олардың мүдделерін қорғауға кепілдік береді. Сонымен қатар, енгізілген реформалар арқылы билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі күшейіп, Парламенттің рөлі арта түсті. Халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі кеңейіп, демократиялық тетіктер жетілдірілді.
Жаңа өзгерістер елдегі тұрақтылықты сақтай отырып, ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға негіз болды. Бұл – әділетті қоғам қалыптастыруға жасалған нақты қадам. Конституциялық жаңғырту Қазақстанның болашақ дамуына берік құқықтық негіз қалайды.
Қорытындылай айтқанда, жаңартылған Конституция – қоғам талаптарына жауап беретін, елдің өркендеуіне серпін беретін және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат.
Амантай Бекарыс



