Жастарға мемлекет тарапынан берілетін гранттар түсіндірілді

Аудандық жастар ресурстық орталық мамандары жастарды қолдау мақсатында 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған әлеуметтік бағдарламалар мен қайтарымсыз гранттар бойынша мәлімет берді. Аудан орталығындағы білім ордалары №1 ЖОББМ, №2 ММГ, №3 ЖОББМ, №4 ЖОББМ болып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты және Ақтөбе облысының жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша барлық ақпараттар түсіндірілді. Қазіргі кезде жастарға мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктер ашық айтылды. Толық ақпарат алу үшін: 21-3-03,  +7 776 329 5612 нөмірлеріне хабарласуға болады.