Жемқорлыққа жол жоқ!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.Әсіресе,халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады.Бұл дерт еліміздің дамуына, экономикның өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады.Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең.Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру,сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою , олардың алдан алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіретіне шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресі-жалпыға ортақ міндет.
Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында тұрақты негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған сенім телефоны (байланыс телефоны :87133131872) жұмыс жасайды, азаматтардың арыз-өтініштері үшін арнайы жәшік орналастырылған.

А.Б.Шарафутдинова,
Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.