💧 Жыл қорытындысы: Ауыз су және газдандыру мәселесі
Ауыз су
Бүгінде Мәртөк ауданында 32 елді мекеннің 24-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл елді мекендердің 75%-ын, ал тұрғындардың 94,9%-ын қамтиды.
📌 2021-2024 жылдары:
8 ауылда (Первомайка, Жаңажол, Дмитриевка, Покровка, Егізата, Көкпекті, Қарабұлақ, Жаңатан) кешенді блок-модульді (КБМ) су тазарту станциялары орнатылып, 670 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
📌 2024 жыл жаңалықтары:
• Хазірет және Кеңсахара ауылдарында су құбыры желілерін жаңарту жобалары дайындалып, сараптамаға жіберілді.
• Шевченко ауылындағы ІІ насос станциясына фильтр орнатылды.
🔜 Жыл соңына дейін барлық елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
________
🔥Газдандыру
Қазіргі таңда ауданның 16 елді мекені (тұрғындардың 88,3%-ы) газбен қамтылған.
📌 2024 жылдың маңызды жобалары:
• Қаратаусай, Байторысай, Первомайка, Жаңажол елді мекендерінде газдандыру жұмыстары толық аяқталды.
• Байнассай, Ақмоласай, Қызылжар, Шевченко, Бөрте, Хазірет ауылдарына газ жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылыстары басталып, 2025 жылы аяқталады.
🔜 Аталған жұмыстар аяқталғанда, аудан тұрғындарының газға қолжетімділігі 99%-ға жетеді.
#Мәртөк #АуызСу #Газдандыру #ЖылҚорытындысы