Жыл қорытындысы: Автомобиль жолдары
Мәртөк ауданының жол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл халықтың күнделікті өмір сапасын жақсартып, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Жолдардың жалпы жағдайы
* Республикалық маңызы бар жолдар (70 км): 100% жақсы жағдайда.
* Облыстық маңызы бар жолдар (131 км):
o Жақсы жағдайда – 101 км (71,1%).
o Қанағаттанарлық емес жағдайда – 30 км (28,9%).
o Родниковка–Мәртөк бағыты бойынша жолды жөндеу жұмыстары 2022-2024 жылдарға жоспарланып, мердігер ретінде «Агрофирма Коквест» ЖШС белгіленді.
* Аудандық маңызы бар жолдар (273,8 км):
o Жақсы жағдайда – 38,16 км (13%).
o Қанағаттанарлық жағдайда – 181,625 км (66%).
o Қанағаттанарлық емес жағдайда – 54,1 км (19%).
Мәртөк–Полтавка–Шевченко–Бөрте, Қаратоғай, Егізата және тағы басқа бағыттарда жөндеу жұмыстары жоспарланған.
* Ауылішілік жолдар (243 көше, 267,3 км):
o Жақсы жағдайда – 85,5 км (32%).
o Қанағаттанарлық емес жағдайда – 181,8 км (68%).
o 2024 жылы Мәртөк, Сарыжар, Жайсаң, Қаратоғай, Родников ауылдарындағы 68 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.
____
2024 жылғы негізгі жобалар
1️⃣ Родников–Мәртөк бағыты (1,7 млрд. тг.):
* Мердігер: «Агрофирма Коквест» ЖШС.
* Толық аяқталды.
2️⃣ Мәртөк–Қаратаусай жолы (468,6 млн. тг.):
* 7,5 км асфальт төселді.
* Мердігер: «Жайық Сити» ЖШС.
* Сот процестері жүргізілуде.
3️⃣ Шевченко–Қызылжар жолы (520,1 млн. тг.):
* Ұзындығы 12,5 км.
* Мердігер: «Бак Билдинг» ЖШС.
* Ақауларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
4️⃣ Мәртөк–Дмитриевка–Байторысай бағыты (0-15 км, 599,6 млн. тг.):
* 15 км асфальт төселді.
* Мердігер: «ГеоПроектСтрой» ЖШС.
5️⃣ Байторысай–Шевченко бағыты (529,065 млн. тг.):
* 2024 жылы 4 км асфальт төселді.
* Мердігер: «АқтөбеАдалҚұрылыс» ЖШС.
* Келісімшарт бұзылып, сотқа берілді.
6️⃣ Мәртөк–Дмитриевка–Байторысай (15-30 км, 1 007,3 млн. тг.):
* 14 км асфальт жабындысы төселді.
* Мердігер: «АссанаДорСтрой» ЖШС.
* Жұмыстар 2025 жылы толық аяқталады.
#Мәртөк #Автожолдар #ЖылҚорытындысы #Даму