Жыл қорытындысы: табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу
Мемлекет басшысының бастамасымен сәуір айында бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Ақтөбе облысы бойынша 418 643 тұрғын қатысып, 105 845 аула тазартылды. Аумақтарды жинау үшін 6 203 бірлік техника тартылып, ҚТҚ полигондарына 74 270 тонна қалдық шығарылды. Елді мекендер аумағында 356 111 ағаш көшеті және 6 415 бұта отырғызылды.
Ағымдағы жылы орман мекемелерінің өртке қарсы материалдық техникалық жағдайын арттыру үшін 474 млн теңге қаржы бөлініп, оған: 4 өрт сөндіру техникалары, 3 шағын патрульдік кешендегі автокөліктер, 3 су сорғы станциясы, 2 мотопомпа сатып алынды.
Ақтөбе қаласы мен аудандардың 180 елдімекендерінің 135 дендрологиялық жоспары әзірленген.
Облыс бойынша 7 мемлекеттік орман тәлімбағы (215 га) бар. Орман мекемелері тәлімбақтарында 2024 жылы 14 млн. түп екпе материалдар өсірілді. 2025 жылы 15 млн. түп екпе материалдарды өсіріп шығару жоспарлануда.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың 167 қорытындысы берілді. Алдағы жобалардың экологиялық аспектілерін талқылау үшін 403 қоғамдық тыңдау өткізілді. Жоспарланған қызмет туралы 410 хабарландыру жарияланды.Шаруашылық субъектілерінен әсер етуге 109 декларация қабылданды.
Облыс аумағында жалпы 206 ГТҚ бар, олардың 611,8 млн.м3 су сақтап қалу мүмкіншілігі бар, оның ішінде 10 республикалық, 174 коммуналдық және 22 жеке меншікте.
Облыс бойынша 2024-2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың Кешенді жоспарының жобасы аясында елді мекендер мен басқа да құрылыстарды су басудан сақтау, ауыл шаруашылығы өндірушілерін сумен қамтамасыз ету үшін 2 су қоймаларының құрылысы басталады. Су қоймалары көлемі 93,8 млн. текше метр артық суды сақтауға мүмкіндік беріп, су тасқыны қаупін азайтады.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде 15 гидротехникалық құрылыс бұзылды, оның 9-ы қалпына келтірілді, 2 бөгет бойынша кепілдік мерзімі бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде (аяқталу мерзімі 2025 жылғы шілде), қалған 4 құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін қосымша 7 қорғаныс құрылыстары бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы №120 қаулысымен «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ құрамында құрылған «Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.