2020 жылы белгіленген зират орыны қалдырылды

29 қыркүйек күні Мәртөк ауылының солтүстігіне белгіленген жаңа зират бойынша екінші мәрте қоғамдық тыңдалым өткізілді.

Жиынға облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Әбішов Мәжит Жайлаубайұлы қатысты. 230 адам қатысқан қоғамдық тыңдалымда 90 пайызға жуық қолдаушылардың басымдығымен 2020 жылы бекітілген орын қалдырылды. Соңғы 2 жылда мәселені үнемі көтеріп келе жатқан бастамашыл топ өкілдерінің ұсынысы қанағаттандырылмады. Мәртөк ауылына тым жақын екендігі және санитарлық талапқа сәйкес келмейтіндігі дәлелденді.

Алдағы уақытта бекітілген жаңа зиратқа қорықшы жататын орын-жай және құдық қазылатын болады. Айта кетейік, бекітілген орын Мәртөк ауылынан 4 км қашықтықта, Байторысай жолының бойында. Алдағы уақытта бекітілген жаңа зиратқа қорықшы жататын орын-жай және құдық қазылатын болады.

«Мәртөк ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі».