35 тоннаға жуық қоқыс шығарылды
6 сәуірден бастап санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жұмыстар басталған болатын. Екі айлық тазалық кезінде жеке тұлғалар, барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер аумақтарын жинау, санитарлық күтіп ұстау, үйлердің, ғимараттардың қасбеттерін жуып, әктеп-сырлау жұмыстарын ұйымдастырулары қажет. Сонымен қатар, қоқысты үйіп қоюға, жерге көмуге, іргелес аумақтарға жинауға және аумағын ластауға жол берілмейді.
Осы орайда, санитарлық-экологиялық екі айлық аясында 13-ші сәуір күні сенбілік өтті. Оған ауданның барлық мекемелері мен елді мекендердің тұрғындары қатысты. Шара барысында 18 бірлік техника жұмылдырылып, 322 аудан тұрғыны қатысқан болатын. Нәтижесінде 33,6 тонна қоқыс шығарылды. 3 шақырым су қоймаларының жағалау аймақтары тазартылды.
Алдағы уақытта да апта сайын көшелерді тазарту бойынша жаппай сенбіліктер өткізілетін болады.
Мұнан басқа, 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында өтетін республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Ол «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды.
Аудан тұрғындарын, қоғамдық қызметкерлерді, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін өз аула аумақтары мен аулаларын, аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының аумақтарын тазалауды ұйымдастыруға шақырамыз.
Мерейлі мекен тұрғындарын белсенділік танытып, ауданың тазалығы мен абаттандырылуына, ауданды көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырамыз! Тазалық өзімізден басталатынын ұмытпайық!
Біздің ортақ парызымыз — ауданымызды келесі ұрпақтарға таза әрі жайлы етіп табыстау, қоршаған ортаны және шағын сәулет құрылыстарын сақтау мәселелеріне немқұрайлы қарамау. Бізді қоршаған табиғат пен сәулет-бұл біздің ортақ байлығымыз, ортақ үйіміз. Бұл жерде әрқайсымыз табиғат пен шағын сәулет құрылыстарының сақталуына жауапкершілікті сезінген кезде ғана жақсы болады. Қай әлемде өмір сүретініміз біздің әрқайсымызға байланысты. Тіпті бір суарылған көшет өсіп, сіз үшін көлеңке болады. Сондықтан бізді қоршаған табиғат пен шағын сәулет құрылыстарына мұқият қарайық.