Аулада от жағу – АЙЫППҰЛ!

Жеке сектордың тұрғындары қазір өз учаскелерін ретке келтіруде. Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу — кең таралған тәжірибе. Қоқыстардан арылудың бұл әдісі қоршаған ортаға айтарлықтай зиян мен қауіп төндіріп қана қоймайды, сонымен қатар ғимараттардың, үйлердің, сондай-ақ орман өрттеріне әкелуі мүмкін.
ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабына сәйкес қоқысты жағу құқық бұзушылық болып табылады, ол үшін жаза-айыппұл көзделген:
— жеке тұлғаға 20 АЕК мөлшерінде;
— лауазымды тұлғаға 50 АЕК мөлшерінде;
— шағын бизнес үшін 200 АЕК мөлшерінде және т.б. өсу бойынша.
Сондай-ақ осындай бұзушылық кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы қолданылуы мүмкін. Адам өліміне немесе үлкен материалдық залалға әкеп соққан аса ауыр жағдайларда кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет, өйткені көбінесе адам өмірі осыған байланысты болады.