6 шілде – Астана күніне орай облыстық халық шығармашылығы орталығында «Асқақтай бер, Астана!» атты өнер ұжымдарының мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды

Концерттік бағдарлама барысында қазақтың ұлттық өнері мен заманауи сахна мәдениетін ұштастырған вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Орындалған шығармаларда елорданың өркендеуі, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, туған жерге деген сүйіспеншілік, бейбітшілік пен бірлік идеялары кеңінен көрініс тапты.

​Мерекелік концертке облыстық халық шығармашылығы орталығы жанындағы «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі, « Әдеп» тобы, этно-мәдениет орталықтарының шығармашылық ұжымдары және «Ақтөбе әуендері» жергілікті ақын-сазгерлер қауымдастығы қатысып, өздерінің үздік өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

Мазмұнды концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық өнерді насихаттау мен мерекелік рухты қалыптастыруға өз үлесін қосты.