8 жүлделі орын

Хромтау БЖСМ-нің 55 жылдығына орай бокс және кикбокс спортынан ҚР спорт шебері Бақытбек Бөлтенов атындағы бокстан дәстүрлі облыстық ашық біріншілік болып өтті. Жарысқа 16 команда, 182 жас спортшы қатысты.
Айта кетсек, төрт күнге созылған білектілер сайысына өңіріміздің аудандар құрамасымен қатар Астана қаласы, Орал, Қызылорда облысының құрамалары қатысты.
Бөгетсай ауылдық спорт кешенінде өткен былғары қолғап бәсекесінің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов қатысып, жарысқа қатысушы жас боксшыларға сәттілік тіледі.
Спорттық ғұмыры қысқа болса да ұрпаққа үлкен із қалдырған Бақытбек Бөлтенов 2001 жылы аталмыш спорт түрлерінен Ақтөбе облысының чемпионы атанған. Кейін түрлі республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып, ел құрамасының үздіктері қатарында болған.
Аталған жарысқа, біздің ауданнан 9 боксшы қатысып, оның 8 жүлделі орындармен оралды. 35 кг салмақта Алмат Ерижипов 1 орын және 52 кг салмақта Ерасыл Амангелді 1 орынға ие болды. Денис Галибр 35 кг 3 орын. Алик Кужимов 43 келіде, ал Нұржас Раушанов 46 келіде 3 орын. 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасынан Данияр Арыстанғалиев 49 кг 3 орын алса, Мирас Құлжанов 37 кг салмақта ерекше грамата және кубогпен марапатталды. 2011-2012 жылы туылғандар арасында, 33 кг салмақта Ерлан Мақсат 3 орын иеленді.
Жарыс жеңімпаздар мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды