8398 ГЕКТАРҒА КҮЗДІК ДАҚЫЛДАР ЕГІЛДІ

Биыл көктемде Мәртөк ауданында жалпы көлемі 138,8 мың гектарға егін егілген. Оның ішінде дәнді дақылдар егілген жер көлемі — 79 600, майлы дақылдар — 11 515, мал азығы дақылдары — 22 598, күздік дақылдар — 6,9 мың, көпжылдық шөптер 16,2 мың гектарға жеткен. Сондай-ақ 1005 гектар жерге картоп, 725 гектар алқапқа көкөніс, 204 гектарға бақша дақылдары егіліпті. Бүгінде аудан бойынша барлығы 84,5 мың гектар алқаптан орташа өнімділігі гектарына 8,7 центнер болатын 73,8 мың тонна дәнді дақылдар жиналған.

 

Ауданымызда көп көлемде ауыл шаруашылығы дақылдарын егетін шаруашылықтар — «Родники-Агро», «Коквест», «МартукАгроСервис», «Рад-Агро», «Лан-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Дина», «Алем», «Факел», «Фиалка», «Қызылжар» шаруа қожалықтары. Бүгінде келер жылдың егіс жұмыстарына жер дайындау бойынша 7 530 гектар сүдігер дайындалды. Сондай-ақ 8398 гектарға күздік дақылдар егілді, — дейді Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығыбөлімінің басшысы Бақытжан Мүлкаев.

Бөлім басшысының айтуынша, биыл аудандағы суармалы жерлердің көлемі 10 мың гектарға жеткізілген. Соның нәтижесінде биыл суармалы алқаптарға жүгері, судан шөбі, құмай, күнбағыс, күздік бидай, жоңышқа, бидай, арпа, құмай-судан гибриді, картоп, көкөніс және бақша дақылдары барынша көптеп егілген.

«Ақтөбе»