ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ

Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан басшысының қабылдауында барлығы 5 адам болды. Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар: тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік мәселелер.

Тұрғындар тарапынан жолданған мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеді.

Айта кетсек, аудан басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Алдын-ала жазылуды Мәртөк ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі (Мәртөк а., С.Сейфуллин көшесі, 36 тел. 8(71331)-21-9-14 жүргізеді.