Ақтөбе облысында биыл 900 шақырым жол жөнделді

Оның ішінде 400 шақырымы республикалық маңыздағы күрежолдар.  Жол жаңғыртылғалы жүк тасымалының да қарқыны артты. Былтыр облыстың тауар айналымы 4,3 миллиард долларға жетсе, биылғы 10 айда 3 миллиард доллардан асып отыр. Мамандар бұл көрсеткіш әлі де өседі дейді. Себебі 2025 жылы өңірдегі сапалы жолдардың үлесін 80 пайызға жеткізу жоспарланған. Мұнай — газ өндірісіне қажетті құрал-жабдық  шығаратын бұл зауыт өнімінің бір бөлігін экспорттайды.   Негізгі тапсырыс берушісі   отандық кәсіпорындар болғанымен,  Өзбекстан мен   Ресейдің де  нарығына шықты.   Жылына 5 млн шаршы метр қыш плиталарын өндіретін мына зауыт болса тауардың тең жартысын Ресейге жөнелтеді. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша,  соңғы жылдары теміржолдан гөрі, жүк көліктерімен тасымалдау тиімді. Себебі Ақтөбені көршілес мемлекетпен байланыстыратын күрежолдардың біраз бөлігі жөнделді. Жүргізушілерді әбден мезі еткен «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» бағыты да жыл соңына дейін  қолданысқа беріледі. Қазір  жол белгілерін орнату жұмыстары жүріп жатыр.  Ринат Оразғалиев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:  — Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасына дейінгі бұрын жолдың нашарлығынан көлік қарқыны өте аз болған. Себебі Орал қаласы арқылы, БҚО арқылы айналып Ақтөбеге келетін болған. Қазір мына «Қандыағаш — Мақат» жобасы аяқталғаннан кейін қарқыны өсе бастады. Міне «Қандыағаш-Мақат» аяқталу сатысында барлық асфальт-бетон жабындысымен көліктер жүріп жатқаннан кейін қазір көлік қарқындығы қазіргі таңда тәулігіне 8 мың көліктен жоғары. Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ жолымен тәулігіне 16 мыңнан астам көлік өтеді. Салынғанына 20 жылға таяған жолдың  биыл 129 шақырымы жаңартылды.   Бұдан бөлек облыстық маңызы бар бағыттарға асфальт төсеуге жергілікті бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді. Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Мұғалжар және Қарғалы аудандарында 490 шақырым жол жабындысы жаңартылды. Жергілікті билік келесі жылы тағы  30 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Есет Аманбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: — Алдын ала есептеулер бойынша 30 млрд жуық қаражат талап етеді. Оның салдарынан жаңағы айтып тұрған жергілікті маңызы бар қанағаттанарлық үлесін 80 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Көлік ағынының 70 пайызы жүк көлігі екенін ескерсек, сапалы жол ішкі және сыртқы нарықпен байланысты нығайта түсетіні рас. Биылғы жылдың 9 айында облыстағы тауар айналымы 3,3 млрд  долларға жетті.   Оның ішіндегі экспорт көлемі — 2,1 млрд болса, импортталған өнімнің жалпы құны 1,2 млрд долларды құрады. Негізгі бағыттар Ресей мен Қытай, Өзбекстан мен Түркия елдері.  облыстың тауар айналымы 2023 ж  — 4,3 млрд $ 2024 ж  10 айда – 3,3 млрд $ экспорт – 2,1 млрд $  импорт – 1,2 млрд $ Тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбе облысы үшін халықаралық жүк тасымалы өңір экономикасының негізгі драйверінің біріне айналуы тиіс. Сондықтан жергілікті билік ірі көлік-логистикалық хаб салуға мүдделі. Көлемі 100 мың шаршы метр болатын қойма құрылысына шетелдік инвестор да жұмылдырылған. Досжан Әлібеков,облыстық индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы: — Жалпы инвестиция көлемі 15 млрд асатын болады. Жұмыс орындары — 130 адам. Іске қосылуы 2025 жылға жоспарланып отыр. Жоба бірнеше сатыға бөлінген. Бірінші сатысының нәтижесінде 15 мың шаршы метр тұрғызылатын болады. Жүк тасымалы мен тауар айналымына тікелей ықпалы бар «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын» бағытындағы автомобиль жолын жаңғырту мәселесі де назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бұл бөлігін төрт жолақты, бірінші санатты ету көзделіп отыр. Қазір ауқымды жобаның техника-экономикалық негіздемесі тиісті сараптамадан өткен. Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/item/684089-a-t-be-oblysynda-biyl-900-sha-yrym-zhol-zh-ndeldi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс