Ақтөбеде жұмыссыз жастардың саны азайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалықөсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқынаЖолдауында «Ұлт саулығын нығайту үшін кешендішараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдаужүйесін жаңғырту керек» — деген болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатындаөткен жылы Ақтөбе облысында 23 мыңнан астамжас жұмыспен қамту шараларына тартылды. Жастардың 11 578-і бос жұмыс орындарынаорналасты, әлеуметтік жұмыс орындарымен 657-сі қамтылды, 2115 жас жастар практикасы бойыншажұмыс тапты. Бұдан бөлек 2 мыңнан астам жасқоғамдық жұмыстарға жұмылдырылды, «Алғашқыжұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында 300-ге жуық жас қызметкеорналасты.

Сонымен қатар 2024 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы уақытша жұмыспенқамтылған жастардың да саны артты — 2052.

Атап өтейік, өткен жылы өз кәсібіменайналысуды көздеген жастарға да айтарлықтаймемлекеттік қолдау көрсетілді. Соның ішінде 3238 жас «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқытылып, 220-сы 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа иеболды.

Жастар арасында жұмыссыздық деңгейінтөмендету мен NEET санатындағы жастар үлесіназайту бағытында «Jumystap» әлеуметтік жобасыіске асырылуда. Бұл жоба аясында Ақтөбеқаласындағы халық көп жиналатын орындарға бес модульдік пункт ашылды.

Жыл бойы атқарылған бос жұмыс орындарыжәрмеңкесі мен мекен-жай жұмыстарыныңнәтижесінде өңірдегі NEET жастардың үлесі 6,5%-ға дейін төмендеді (2023 жылы -6,7%.).  Сәйкесінше жастардың жұмыссыздық деңгейі де төмендеп – 2,2% құрады (2023 жылы -2,5%).