Жас маманның алғашқы қадамдары

2024 жылы қыркүйек айында Мәртөк аудандық ауруханасына жас маман ретінде қабылдандым. Бұл менің кәсіби жолымдағы маңызды кезең, әрі осы ауданның тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған менің алғашқы қадамдарымның бірі.
Желтоқсан айында Мәртөк ауданының әкімшілігі жастарды қолдау мақсатында тұрғын үйлерді берді. Бақытқа орай, мен де сол үйлердің кілтін алып, жаңа үйге қоныс аудардым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Мәртөк ауданының әкімшілігіне ризашылығымды білдіргім келеді.
Мен ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға және оларға мамандандырылған көмек көрсетуге бар күшімді салып, жұмыс істеуге дайынмын. Жаңа мүмкіндіктер мені кәсіби тұрғыдан одан әрі дамытуға және ауданның денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағыттайды. Тұрғындардың сенімін ақтап, өз жұмысым арқылы оларға сапалы қызмет көрсету менің басты мақсатым болып табылады.
Аймурзиева Ақбота Русланқызы
Дәрігер-невролог, Мәртөк аудандық ауруханасы