Бизнес пен мемлекет арасындағы сенімді серіктестік

Мемлекет басшысының төртінші Ұлттық құрылтайдағы айтқан ойлары өте дұрыс және уақыт талабына сай. Мемлекеттің бизнесті қолдауы, әсіресе заңды кәсіпкерлерге артықшылық беруі, экономиканың дамуы мен елдің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Заңды және адал жұмыс істейтін кәсіпкерлер ел экономикасының негізі болып табылады, өйткені олар салық төлеп, жұмыс орындарын ашады, инвестиция тартуға үлес қосады.

Заңды бизнестің мемлекет тарапынан қолдау табуы өте маңызды, себебі бұл кәсіпкерлердің өз қызметін әрі қарай дамытуға, жаңа жобаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал заңсыз немесе жауапсыз кәсіпкерлердің көбейіп кетуі қоғам мен нарыққа зиян келтіреді. Президенттің осы мәселеге назар аударып, тек заңды кәсіпкерлерді қолдау қажеттігін айтуы – бұл елдің әділ және тұрақты даму жолында дұрыс шешім.

Қоғамда адалдық пен тәртіптің сақталуы, бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді серіктестіктің орнауы үшін бұл сияқты принципті сөздер аса маңызды. Осылайша, Үкіметтің қолдауы дұрыс жолда жүрген кәсіпкерлер үшін тиімді болады, ал олар өз кезегінде қоғамға пайда әкеледі.

Ж. Ергалиева
«AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, кәсіпкер