Болашақтың кілті – білімді және мақсатшыл азаматтар

Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысының: «Мен, біздің басты күшіміз – адам және оның жасампаздық әлеуеті деп үнемі айтып келемін. Өйткені білімді, еңбекқор әрі мақсатшыл азаматтар елімізді табысқа жеткізеді.» деген сөзі шын мәнінде өте терең әрі мағыналы. Бұл сөздер еліміздің дамуындағы басты фактор – адам капиталы екенін дәлелдейді.

Адамның жасампаздық әлеуеті мен білімінің маңызы шексіз. Әрбір азамат өзінің білімін, дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы қоғамға қызмет етіп, еліміздің экономикалық, мәдени және әлеуметтік салаларында елеулі өзгерістерге ықпал етуі мүмкін. Елдің дамуы тек қана табиғи ресурстарға емес, білімді, еңбекқор, мақсатшыл азаматтарға байланысты.

Президенттің бұл сөзі білім мен еңбекқорлықтың елдің болашағына әсерін нақты көрсетеді. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдері инновациялар мен технологияларды дамыту арқылы экономикасын алға жылжытса, Қазақстан да сол жолды ұстанып, жастардың білім алуына, өз қабілеттерін ашуына қажетті жағдайлар жасап жатыр. Еліміздің болашағы осындай азаматтардың қолында, олар өздерінің күш-жігерін салып, жаңа идеялар мен шешімдер ұсына отырып, мемлекеттің өсіп-өркендеуіне үлес қосады.

Н. Ашимов
Жайсаң көпсалалы колледжінің директоры