Бүгін “AMANAT” партиясының Мәртөк аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында жергілікті мемлекеттік органдардың жылыту маусымына дайындық барысы мен “AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы Мәртөк ауданының Жол картасында көрсетілген елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету және газдандыру жұмыстары қаралды.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдос Қалимағамбетов аталған мәселелер бойынша баяндамасын ұсынды. Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

Отырыс нәтижесінде, комиссия жергілікті органдардың жұмысына мониторинг жүргізу және тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, ұсыныстарды орындау бойынша шешімдер қабылдады.