ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Аудандық мәдениет және спорт бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы бірлесіп волейболдан турнир ұйымдастырылды. Жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, спортты насихаттау, жастар мен жасөспірімдерге, соның ішінде студенттердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында болды.

Дәстүрлі жарыста сегіз команда бақтарын сынады. Олар: «Жастар мен жасөспірімдер спорт мектебі», «Қаратоғай», «№2 Мәртөк мектеп-гимназиясы», «Сарыжар», «Жайсаң», «Полтавка», «Саржансай» және «Студент жастар» құрамасы. Тартысты волейбол сайысы мәресіне жетіп, нәтижесінде шебер ойын көрсетіп, ешкімге дес бермеген Полтавка командасы жеңіс тұғырына көтерілді. «Жастар мен жасөспірімдер спорт мектебі» құрамасы екінші орынды еншілесе, «Сарыжар» командасы үшінші орынға ие болды.