ДІНІМІЗДЕГІ ҚИЯСТЫҢ ОРЫНЫ

Имам Ағзам аят хадистерді терең талдай білгендіктен, заман талабына қарай Құран мен Сүннет Ижмадан дәлелі табылмаған жағдайлар жиі орын алғандықтан, осыған қатысты мәселелерде Қияс амалын қолдануға мәжбүр болған. Өйткені, Ислам діні ең соңғы дін, Құран соңғы кітап, Пайғамбарымыз (Саллалаһу аләйһи уә  сәллам)соңғы елші, бұдан бұлай ақыр заманға дейін, Басқа дін келмейді.

Сондықтан, ислам діні тек 1- 2 ғасырда орын алған күрделі ахуалдардың шешімін ғана емес, келешекте туындауы мүмкін – ау деген барлық мәселенің шешімін қамтитын қайнар көз болуы қажет. Ал адам баласы өмір болған соң, мүлдем бей мәлім жағдайлармен бетпе бет келіп жатады. Олардың жауабын беретін, үкімін айтатын бір қайнар көздің болуы сөзсіз қажеттілік. Ал бұрын соңды кездеспеген, кездескен күннің өзінде ұмыт қалған әрбір жағдайдан шығудың жолын Құран мен Хадистердің мағыналарын толық меңгеріп, олардың ішіндегі үкімдердің қандай мақсатпен айтылғандығын біліп, соны басқылтитқан мәселелермен салыстыра отырып, жауабын табатын қағида – ҚИЯС. Имам ағзам осы Қиясты да өте шебер қолдана білген. Қияс  — Ислам шариғатында негізгі дәлелдерді табудың бір әдіс тәсілі.

Пайғамбарымыздың (Саллалаһу аләйһи уә сәллам) уақытынан бүгінгі күнге дейін Фиқһ ғалымдары қолданып келеді. Олардың барлығы бір ауыздан : «Ақиқаттың ұқсасы —  Ақиқат, Жалғанның ұқсасы – Жалған, Ешкім Қиясты жоққа шығара алмайды» деп оның шариғатта нақты дәлел екендігін айтқан. Өзімізге танымал 4 мәсһәб имамдары да Қиясты шариғатта дәлелдердің бірі ретінде қабылдаған. Имам Шафиғи  қиястың дәлел шығарудың маңызды бір – бір тәселі екенін көрсету мақсатында: «Қияс жолы арқылы шығарылған үкімдерде Иләхи баянының ішінде саналады» десе, тағы бір жерде «Кітап пен сүнетте үкімі нақты белгіленбеген мәселелердің шешімі Настардан (Аят – Хадистерден) түсіндіру әрі қияс жолымен салыстыру арқылы шығарылады. Ғалымдардың бұны жасауы кифая парыз болып табылады» деп түсіндіріледі.

 

Ерлан Бақытұлы,

Мәртөк ауданының – теолог маманы.