Мен жаңа Конституция жобасын толық қолдаймын

Мен жаңа Конституция жобасын толық қолдаймын, себебі ол мемлекеттің басқару жүйесін жаңғырту мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі қадам болып табылады.

Конституциялық Соттың рөлін арттыру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нақтылау – демократиялық процестерді тұрақты етуге септігін тигізеді. Бұл әрбір азаматқа өз құқығын қорғау мүмкіндігін береді, ал билік үшін есептілікті арттырады. Сонымен қатар, әлеуметтік, экологиялық және адам құқықтарына қатысты нормалардың Конституция деңгейінде бекітілуі – халық мүддесін қорғаудың маңызды қадамы.

Жобадағы халықаралық нормаларды сәйкестендіру тетігі – ұлттық заңдардың әлемдік стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Жаңа Конституция – елдің дамуына жүйелі ықпал ететін стратегиялық құжат, ол тұрақтылық пен жаңашылдықты қатар үйлестіреді. Сол себепті мен оны қолдауды дұрыс және маңызды шешім деп санаймын.

 

Көпжан Рахат