«Сүнеттен дәлел»
Пайғамбарымыздың (Саллалаһу аләйһи уә сәллам) бірнеше мәселені Қияс жолымен түсіндіргенді көреміз. Қандай да бір мәселенің үкімін сұраған Сахабаларға «Болады» немесе «Болмайды» деп жауабын бірден кесіп айтпай, жағдайға қарап жауап беріп отырған. Оған дәлел Пайғамбарымыздың (Саллалаһу аләйһи уә сәллам) мына хадисі:
Біреу пайғамбарымызға (Саллалаһу аләйһи уә сәллам) келіп: « Менің әкем қартайған шағында Ислам дінін қабылдады. Қазір өз бетінше көлікке міне алмайды. Қажылық әкеме парыз. Мен оның орынына қажылыққа барсам бола ма?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (Саллалаһу аләйһи уә сәллам)
«Сен оның ең үлкен баласысың ба?» деп, әуелі мәселенің мән жайын толық біліп алады. Жігіт: « ИЯ» жауап береді.
Пайғабарымыз (Саллалаһу аләйһи уә сәллам) : «Егер әкеңнің біреуге қарызы болса, қарызын өтер ме едің?» деп сұрайды. Ол : «ИЯ» дегенде, Аллахтың елшісі (Саллалаһу аләйһи уә сәллам) : «Олай болса әкеңнің орынына қажылыққа бара аласың» деп жауап береді. Бұл хадисте әлгі адамның сұрағына Пайғамбарымыздың (Саллалаһу аләйһи уә сәллам) әкеңнің орынына қажылыққа барсаң болады, немесе болмайды деп бірден үзілді кесілді жауап бермей, керісінше өзіне сауал тастап, қарыз бен қажылықты бірге қарастырып, содан кейін ғана ақырғы сөзін айтқанын байқаймыз. Осылайша, әлгі кісіге әкесінің қарызын өтей алатын кісі секілді, қажылығын да өтей алатынын сабақтастыра отырып түсіндірген.
Ерлан Бақытұлы,
Мәртөк ауданының теолог маманы.