Алғыс күніне орай
1 наурыз Алғыс айту күніне орай Тәңірберген ауылдық округінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Соның бірі, Саржансай жалпы орта білім беретін мектебінің 2 сынып оқушылары мен класс жетекшісі Шынарай Елемесова Тәңірберген ауылдық округі әкімдігінің ұжымын құттықтап барды. Олар ел үшін адал қызмет етіп жүрген әкімшілік қызметкерлеріне арнап ән шырқап, көңіл-күйлерін көтерді. Айта кету керек, оқушылардың қызметтегі аға-апаларын осылайша құттықтауы жыл сайынғы дәстүрге айналған.
Әкімдік ұжымы өз тараптарынан құттықтап келген оқушыларға дән ризашылықтарын білдіріп, тілектерін жеткізді.
Жалпы, Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Осы орайда, ауылдық округте Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шаралар өз деңгейінде өтті.