🥊🇰🇿Айбек Оралбай – әлем чемпионатының финалында

Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында еліміздің сапынан екінші финалис анықталды.
Көпшілік асыға күткен +90 келідегі жартылай финалдық жекпе-жекте Айбек Оралбай 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 5 дүркін әлем чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен жолықты. Жылдамдық жағынан қарсыласынан қарағанда әлдеқайда басым болған Айбек бұл айқаста 3:2 есебімен басым түсті.
Енді жерлесіміз финалда өзіне жақсы таныс Джахонгир Зокировпен (Өзбекстан) кездеседі.