Әкелер сайысы – сәбилер бақшасында

Әке, әкенің күні, әкенің орны, әкенің тәрбиесі, ең соңында әкенің беделі… Ақиқатына келсек, әкенің рөлі адамға күнделікті керек. Жалпы отбасының беріктігі ер-азаматқа тікелей байланысты. Халқымызда әкені ерекше құрметтеп, мәртебесін жоғары қою дәстүрі орныққан.

 

Осы орайда, өткен аптада «Нұрсәт» балабақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әкеге қарап ұл өсер» атты байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасының соның ішіндегі әкенің рөлін айшықты көрсете отырып, жас ұрпақтың өз елін сүюге, халқымыздың салт-дәстүрін үйренуге өз отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуге және рухани жан дүниесін байытуға деген қызығушылығын арттыру.

Сәбилер бақшасындағы сайысқа төрт топ әкелері қатысты. «Ботақан» тобы атынан — Бегеніштер отбасынан Жамбыл Патыхов. «Гүлдер» тобы атынан — Бұхарбаевтар отбасынан Нұрбол Калдыкулов және «Кенжеғалиевтар» отбасы атынан Жанболат Амиров, ал «Радуга» тобы атынан — Кара отбасынан Сергей Кара өзара сынға түсті. Сайыс түрлі кезеңдерден тұрды, әкелер мен балалары белсенділіктері мен шапшаңдылықтарын көрсетті.

Байқау кезеңдерінде әкелер өз өнерлерін көрсетті. Өздерін таныстырып, жеті ата шежірелері айтылды. Сонымен қатар, қол өнерлері мен шығармашылық өнерлерін  көрсетті. Ұлттық ойындар ойналды. Сайыс барысында Кенжеғалиевтар отбасы жеті ата шежіресін жасап әкеліп, көрерменге таныстырды. Ал, Бұхарбаевтар отбасы өзінің әншілік шеберлігін паш етті. Бегеніштер отбасымен Кара отбасы болса қол өнер шеберліктерімен көзге түсті. Сайыс соңында балабақша меңгерушісі Самал Калышева белсене қатысқан әкелерді  Алғыс хаттармен марапаттады.

Қоғамда өз орнын тауып, тарих тақтасында есімі жарқырап тұрған азаматтардың көбі әкелеріне алғыстарын айтып, жеткен жетістіктерін әкеге байланысты екендігінен хабардар етеді. Сол секілді бүгінгі таңда әке мен бала арасындағы байланысты насихаттап, жас отбасыларға үлгі бола білген шарт. Балабақшада өткізілген осы сайыс әке мен баланың арасындағы үлкен махаббаты көрсеткендей.