Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 10 желтоқсанда Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.

 

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылдық округінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қаратоғай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 922 азамат енгізілді, олардың 649 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 36.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Байсагизов Р.С. – 449; Тажигарин Н.М. – 89; Туралиев А.Ж. – 53.

1975 жылы туған Руслан Серікбайұлы Байсагизов Қаратоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Қаратоғай ауылдық округінің Қаратоғай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну ұсынылды.

 

Мәртөк  аудандық  сайлау комиссиясы.