САНАДА СІЛКІНІС, ЖҮРЕКТЕ БҰЛҚЫНЫС ТУДЫРҒАН – ЖЕЛТОҚСАН!

Осындай тақырыпта кездесу, еске алу шарасы өтті. Еске алу кешінің модераторы музей директоры Ұлдай Осанова болды. Іс-шараға желтоқсан оқиғасына қатысқан куәгерлер: Ақтөбе облыстық «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Желтоқсан ардагері» Мәртөк аудандық «Желтоқсан алауы»  қоғамдық бірлестігі филиалының өкілі Шара Бекназарова, «Желтоқсан алауы»  қоғамдық бірлестігінің мүшесі, куәгері, Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылынан кәсіпкер  Әлібек Меделбаев, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, куәгері Сәлима Алдабергенова және «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, куәгері Мәртөк ауданы, Қаратоғай ауылынан ұстаз Қаламқас Тұрмағамбетовалар қатысты.

 

Сондай-ақ, еске алу кешіне аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен жастар және қорғаныс бөлімі қызметкерлері қатысты. Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жандарбек Елібаев өз кезегінде аудандық әкімшілік атынан ілтипат білдіріп, сөз сөйледі.

Аудандық музей ұйымдастырумен өткізілген кездесуде «Желтоқсан  мен азаттық» көрмесі ұйымдастырылып, сол кездегі  оқиғалардан ақпараттар берілді. «Желтоқсан оқиғасы» бейнематериалы көрсетіліп залда 1 минут үнсіздік жарияланды.

Шара барысында сондай-ақ, 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» бейнежазбалары көрсетіліп, оқиға орынан орын алған естеліктерімен бөлісті. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері, ВИА «Серпер» тобы  сол кездегі халық арасында кең таралған тарихи әндер «Қара бауыр, қасқалдақ» және «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әндерімен кешті көркемдеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында да тәуелсіздік дәмін сездірген осы бір тарихи сәт туралы жекелей тоқталған. 2021 жылы «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор» — деп атап өткен болатын. Атаулы күндер Тәуелсіздікке тағзым шарасы күндерімен жалғасын тауып келеді.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Шындығында, бұл жай ғана оқиға ма еді? Оқиға болса, ойдан шығып, жадыдан өшер еді. Бодандықтың бұғауын үзген, келешектің кемелдігін сезген жастардың жанайқайы еді бұл. Алаңға шыққан азаматтар өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырды, бірақ шындықты тыңдағысы келмейтін билік демонстранттарға қарсы әскерлер мен полицияны айтақтап салып, көңіліндегісін айтқан көпті көтеріліс жасағандар етіп көрсетті, айыпты етті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында да тәуелсіздік дәмін сездірген осы бір тарихи сәт туралы жекелей тоқталған еді: 2021 жылы «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор» — деп атап өтті.

Желтоқсан құбылысын зерттеуге ат салысып келе жатқан көрнекті журналист Т.Данияров: «Желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызбен үндеседі», — деп санайды. «Желтоқсан ызғары» атты еңбектің авторы жазушы Т.Бейісқұлов желтоқсан қозғалысын «Совет өкіметі тұсында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс» деп таныды. 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні — Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс болып табылды дейді.

«Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, куәгері Сәлима Нұрмағамбетқызы: сіздің кездейсоқ осы оқиғаның ортасына түсуіңіз мүлдем басқаша. Арнайы қызметте жүрген жеріңізден жастар делегациясы құрамында Шымкент қаласынан аттандыңыз. Алдағы өміріңіз жарқын, мақсатыңыз нық еді. Не себеп? Деген сұрақтар жиі мазалайтын шығар. 16 желтоқсан Сізді алаңға алып шыққан қандай күш, қандай талап?

-1986 жылғы 16 желтоқсандағы оқиғаны еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін біледі десем артық болмас. Бұл әр үйдің, әр жанның жүрегін жаралаған сәт. «Ар – намысын таптатпаймын деп құлындай шырылдаған  қазақ, текті ұлттың еркін ұл – қызы боламыз, қазақтың өзінің тілін, еркіндігін қайтарамыз кең байтақ елдің иесі де, киесі де — қазақ» — деп үш күн, үш түн бойы жандарын шүберекке түйген күн. Тәуелсіздіктің туын тіккен күніміз, аллаға шүкір, енді бұндайды қазақтың басына бермесін!

16 желтоқсан менің алаңда ұсталған күнім. Сол күні алған соққыдан, есімнен танып қалғанмын. Қай жерге апарды есімде жоқ. Тек электр тоғы столына салғанда есімді жидым, — деп еске алды.

Қазақ қызының бейнесін сөзбен көркемдеген Исрайл Сапарбайдың туындысы қазақ өлеңдері ішіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі де бірегейі. Өн бойы өнегеге  толы, сұлулық пен биязылық, батылдығы мен намысшылдығы қатар қалып-тасқан қазақ аруын асқан құрметпен құдіретті қара өлеңге сыйғызған туынды әлі күнге дейін өз биігінен түскен емес, түспейді де. Сырға бай өлеңнің әдемі әнмен толығып, үйлесім тапқаны нұр үстіне нұр болды. Алайда, осы өлеңге Рамазан Тайманның композиторлығымен жазылған әннің шығу тарихы желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Ләззат Асанованың рухына арналғанын бірі білсе, бірі білмейді.

Шара Бекназарова бүгінде облыстық «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің Мәртөк аудандық филиалын басқарады. 1986 жылдың 16 желтоқсаны болмағанда, Комсомол ауданы, Жабасақ ауылындағы қыздың өмірін «бұрын» және «кейін» деп екіге бөлген оның тағдыры басқаша, сәтті және бақытты болуы мүмкін еді…

1981 жылы қазақ мектебін «В» және «А» деген бағаға бітірді. Ол кезде колхозшылардың еңбегі бағаланып, ата-анасының кеңесімен «Ұшқын» комсомол бригадасында екі жыл шопан болып еңбек етті. Аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен Ақтөбе педагогикалық институтына («Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша) оқуға түседі.

-Мен әрқашан белсенді, епті және шығармашылыққа жақын болдым — мен бала кезімнен өлең шығардым. Мен бәрін жауапкершілікпен істеуге дағдыланғанмын. Ал, ата-анамның көңілін қалдырмау үшін үздік оқыдым. Бірақ, «Марксизм — ленинизм теориясы» пәні тек орыс тілінде оқытылды. Қазақ мектебінің 10 сыныбын бітіріп, екі жыл ауылда шопан болып істедім. Бұл ғылым мен үшін қаншалықты қиын болғанын елестете аласыз ба? Сабаққа дайындалу үшін мен түндер бойы түсініксіз, күрделі терминдерді ұғатынмын. Иә, мен «В» бағасын алдым, бірақ олар маған оңай болған жоқ. Айналамыздағылардың бәрі орысша сөйлейді, ал біз, қазақ факультетінің ұзын көйлек киген, шоқша киген қарапайым, ұяң қыздарына менсінбей қарайтын. Сонда да мен ойладым: «Неге бұлай? Неге мен ата-анамның, ұстаздарымның тілінде еркін сөйлей алмаймын?» Жауабын таба алмадым. Сондықтан мен алаңға шықтым. Мен өзім солай шештім, мені ешкім мәжбүрлеген жоқ.

17 желтоқсан күні таңертең тағы да митингке шықтық. Мен ағама ештеңе айтқан жоқпын, 7.30-да мен сыныптастарыммен бірге тұрдым. Аяз қатты болды, пальтомен өте суық болдым. Билік халықты су атқыштарымен, таяқтарымен, сақшы иттерімен тарата бастады. Мен де су ағынымен құлап қалдым, барлық киімім бірден қатып қалды. Полиция мен солдаттардан қаштық, мен трамвай рельсіне сүрініп құладым. Бірнеше адамның мені таяқпен ұрғаны есімде. Төзгісіз ауырсынудан есімді жоғалттым, — деп есіне алды Шара Смағұлқызы.

 

Ұлдай Осанова

музей директоры.